ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Комитеттің басым мақсаты көлеңкелі экономиканың деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін төмендету, яғни ЖІӨ-нің 15- 17% жеткізу керектігін айтты.
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, 2019-2021 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары аясында қабылданған шаралар оның ЖІӨ-нің 27% -дан 23,6% -на дейін төмендеуіне мүмкіндік берді.
Біз көлеңкелі айналымға қарсы күрестің негізгі құралына айналған тауарлардың қадағалануының ұлттық жүйесін құрдық. Астана-1 және ЭШФ ақпараттық жүйелері енгізілді, салықтың 99% және кедендік декларациялардың 100% қашықтықтан беріледі. "Е-терезе" АЖ рұқсат құжаттарын беретін 13 ақпараттық жүйені біріктірдік. Қызметтерді алу уақыты 30-дан 5 күнге дейін қысқарды, - деп атап өтті Комитет басшысы.
Оның айтуынша, "Электронды шот-фактура" жүйесін енгізу өз тиімділігін көрсетуде.
Сондай-ақ, белгілі бір тауарлық позициялар үшін тауарлардың қоймалық есебін және онлайн-контрагенттермен операцияларды көруге мүмкіндік беретін "Виртуалды қойма" модулі енгізілді.
Барлығы 505 мың пайдаланушы тіркелген және 558 миллионнан астам ЭШФ өңделген. 2020 жылы қосымша түсімдердің мөлшері 149 млрд. теңгені құрады.
Бұл тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқасында мүмкін болды.
Жүйе үлкен деректерді талдау және машиналық оқыту мүмкіндіктері бар деректерді жинау құралдарымен жабдықталған.
Барлығы 86 түрлі тәуекел модельдерін құрдық, 12 миллиардтан астам цифрлық құжаттарды өңдедік. Қосымша 320 миллиард теңге қамтамасыз етілді, - деді М. Сұлтанғазиев.
Өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 102,4%-ке, республикалық бюджет 100,1%-ке, жергілікті бюджет 108%-ке орындалды.
2019 жылға қарағанда Комитеттің құзыретіндегі мемлекеттік бюджеттің кірістері пандемияға қарамастан іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды, республикалық бюджет 608 млрд. теңгеге төмендеді, жергілікті бюджет 604 млрд. теңгеге өсті.
Республикалық деңгейдегі түсімдердің төмендеуі экономикадағы қалыптасқан жағдайға, сондай-ақ пандемияға қатысты шектеулерге байланысты, - деді М.Сұлтанғазиев.
Алдын ала деректер бойынша ЖІӨ 2,6%-ке, тауар айналымы 14%-ке төмендеді. Өткізу бойынша айналым 9,7%-ға, оның ішінде ірі кәсіпорындар бойынша 25%-ға азайды, деді Комитет төрағасы.