Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірді және тиімсіз тәуекел индикаторларын жаңартты.
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев комитеттің 2020 жылға арналған қызметі туралы есеп беру кезінде осылай деді.
Жоғарыда аталған шаралардың арқасында тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі 73% құрады, 53,5 мың бұзушылықтар анықталды. Кедендік тексерулердің жалпы тиімділігі 51% құрайды.
Ол инспекциялық жабдықпен бақылау-өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларды бақылау үшін құрылған Ахуалдық орталық ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
Рентгендік кескіндерді талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда.
Кедендік құнын бақылауды орталықтандыру және сыртқы сауда жүктерін материалдық-техникалық жабдықтау шығындарын оңтайландыру мақсатында "Электрондық декларация орталығы" құрылды.
Бұл жаңашылдықтардың нәтижесі 25 миллиардтан астам теңгені құрады, - деп атап өтті Комитет басшысы.
"Кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту арқылы біз Қытаймен кедендік статистиканың сәйкессіздігін 2017 жылы 60% -дан, 2019 жылы 48% -ға, 2020 жылы 45% -ға дейін төмендете алдық", - деді ол.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 9 авто мен 1 теміржол өткізу пункті қайта жаңартылатынын, техникалық қайта жарақтандыру да жоспарланғанын айтты.
Ол Өзбекстанмен шекарадағы "Б.Қонысбаев" бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталғанын еске салды.
"Нұр Жолы" бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекара кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік беретін "Электронды кезек" жүйесін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу кеңейіп келеді, бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік береді", - деді Сұлтанғазиев.