Оралда ағылшын тілінде "Ел ертеңі – білімді ұрпақ" атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі
Орал шаһарындағы оқушылар сарайында 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай 8-11 сынып оқушылары арасында "Ел ертеңі – білімді ұрпақ" атты облыстық пікірсайыс турнирі ағылшын лигасы бойынша өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатысты сезімін тәрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен шараны облыстық білім басқармасы, "Дарын" қосымша білім орталығы  ұйымдастырды.


Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


"Облыстық турнирге мектепшілік, аудандық, қалалық кезеңдерінен өтіп, жеңімпаз атанған дебат клубтарының көшбасшылары, барлығы 9 фракция, 18  оқушы қатысты. Турнир Америкалық парламенттік форматта өтті. Бұл Парламенттік сипаттағы  дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын үш команда – Үкімет пен Оппозиция ұсынған  қарарды талқылады. Бұл сипаттағы дебаттың ерекшелігі  зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген. Пікірсайыстардағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастыру". Облыстық білім басқармасының бас маманы Баянгүл Семғалиева


Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Турнир қорытындысы бойынша Амангелді Тайманов атындағы №34 мектеп – бірінші орын, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" мектеп-лицейі - екінші орын, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицей интернаты үшінші орын иеленді.

Айта кетсек, ағылшын тіліндегі пікірсайыс облыстық деңгейде бірінші рет ұйымдастырылды.


Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі



 

 

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты