Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары ірі алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тергеу барысында коммуналдық меншікті (сот үкімі бойынша тәркіленген 3 коттедж және 2 пәтер) өткізу тәртібінің бұзылуы анықталып бағалау туралы жалған есептер негізінде тікелей үлестес жеке тұлғаларға төмен бағамен сатылғаны анықталды (объектілердің құны бірнеше есе төмендетілген). Олардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 819 млн теңгені құрады (жылжымайтын мүлік объектілері құнының айырмасы). Тергеу барысында қабылданған шаралармен залал толығымен өтелді". Антикор

Тергеу сотының санкциясымен үш күдікті адам үй қамағына алынғаны да нақтыланады.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі тұрғысында өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетіні де ескертіледі.

Айта кетсек, бүгін, 12 сәуірде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтың ұсталғаны белгілі болды.

Алматы
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?