Қорғаныс министрлігі Сарышаған полигонында сыналған ресейлік зымыранға қатысты түсінік берді

Сурет: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрлігі Сарышаған полигонында ресейлік зымыранның сынақтан өткізілуі қазақстандықтарға қауіп төндірмейді, деп хабарлайды құзырлы ведомство баспасөз қызметі.
"12 сәуірде Ресей Сарышаған полигонында шартты нысанаға стратегиялық мақсаттағы зымыранын сынақтан өткізді. Оны іске қосу қазақстандық тараппен келісім бойынша жоспарлы түрде жүргізілді. Бұл ретте зымыран негізінен қатты отынды болып табылады және жойғыш бөліктен тұрмайды. Зымыранды жіберудің мақсаты оның ұшу траекториясын бағалау болып отыр. Жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары сақталды. Одан Қазақстан халқына және қоршаған ортаға қауіп төнген жоқ", делінген хабарламада.

Сарышаған полигонын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасында жасалған халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Ресей Федерациясы жалға алғанын айта кету керек.

12 сәуірге қараған түні РФ Қорғаныс министрлігі құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынайтындығы туралы хабарлама таратты. Нысан Астрахан облысында, Қазақстанның батысында шекараға жақын орналасқан "Капустин Яр" полигонында сыналды. 

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі