Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда жылыту маусымы 20 сәуірде аяқтау жоспарланған. Бұл туралы 14 сәуірде Zakon.kz-ға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік 5 күн ішінде белгілеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 °С және одан жоғары болуына байланысты қалалық әкімдікпен 2023 жылғы 20 сәуірден бастап 2022-2023 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудан ажырату мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар, өзге де ғимараттар;

2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақ үйлер);

3) әлеуметтік нысандарр (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

"Жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес, үйлері жылу энергиясын есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен жабдықталмаған жылу энергиясын тұтынушыларға келесі жылыту маусымы басталғанға дейін реттеліп көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен өткен жылыту маусымы үшін қайта есептеу жүргізіледі".  "Алматы жылу жүйесі" ЖШС


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды