Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті. Тараптар екіжақты қатынастардың кең ауқымы бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Қазақстан мен Әзербайжанның әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйінің аспектілері талқыланды. Әскери-техникалық ынтымақтастық, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, кадр даярлау мәселелері жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ екі ел қорғаныс ведомстволарының одан әрі өзара іс-қимылының басқа да мәселелері қаралды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Өткен аптада Әзербайжан президентінің Қазақстанға ресми сапары жүзеге асты. Онда екі елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аудара отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының негізгі мәселелерін жан-жақты талқылады. Әскери салада да түрлі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытудың перспективалары бар", – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Жұмыс сапары аясында Әзербайжанның әскери делегациясы Астанадағы әскери кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі даярлауды жүзеге асыратын Ұлттық қорғаныс университетінде болды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бағдарламада Әзербайжан делегациясының Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтына сапары көзделген. Онда қонақтар қазақстандық курсанттардың оқу үдерісімен танысады. Атап айтқанда, оларға болашақ офицерлерді атыс дайындығына, жауынгерлік машиналарды жүргізуге сапалы оқытуға арналған арнайы тренажер кешендерінің мүмкіндіктері көрсетіледі.