Жыл басынан бері 891,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі
2023 жылдың басынан бастап АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері жер пайдаланушыларға қатысты 486 мың гектер алаңда жоспардан тыс 381 тексеруді тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде 304,7 мың га алаңда 152 нұсқама енгізілді.

"Сонымен қатар, биыл 891,7 мың гектар бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұдан басқа, әкімдіктерге қатысты 65 тексеру жүргізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы 117 заңсыз шешім анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың атына жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 54 ұйғарым берілді", деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл ішінде қайтарылуға жататын 10 млн гектардың ішінде мемлекет меншігіне барлығы 6,3 млн гектар жер берілді. Бұл ретте, мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері халықты жайылымдармен оңтайлы қамтамасыз ету мақсатында бастапқы кезде аудандардың резервіне қойылатынын атап өтеміз. Яғни, жоғарыда аталған жер учаскелері сол маңдағы ауыл тұрғындары  пайдаланылатын ортақ жерлермен қамтамасыз еткеннен кейін ғана конкурстарға шығарылатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді