Шымкентте қатты күйік шалған 10 жасар балаға 19 рет ота жасалған

Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді. Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған оқыс оқиға кезінде зардап шеккен баланың жағдайы туралы ақпаратпен ҚР Денсаулықтау сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады. Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды.

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы айтып берді.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды", - дейді ол.

Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: