Үкіметте тұрғын үйлерді басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 19 сәуірінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын.

Бүгінгі таңда республикамызда 54 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй (КПТ) бар. Соңғы үш жылда 45 мыңнан астам МИБ (мүлік иелерінің бірлестіктері) көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшті.

Талқылау барысында кеңес мүшелері тұрғындарға сапалы әрі ашық қызметтер көрсету мақсатында КПТ басқарудың қосымша тетіктерін қарастыратын заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қарады және қолдады.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты