БҚО-да 254 түлек — "Алтын белгіге" үміткер

Сурет: ortcom.kz
Биыл Батыс Қазақстан облысында өңірде 5 786 оқушы мектеп бітіріп, өмір жолына аттанбақ. Түлектердің 254-і "Алтын белгіден", 248-і үздік аттестат алудан үміткер. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айгүл Әділгерейқызының айтуынша, биыл  9 834 оқушы 9-сыныпты тәмамдайды. Соның 804-і - үздік аттестаттан үміткер. Өңірде 9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихан 2-13 маусым аралығында өтеді. Ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында болады.

Облыс бойынша түлектерге жалпы орта білім беру туралы аттестат өз мектептерінің қабырғасында 22 маусымда тапсырылады. Батыс Қазақстанда  379 мектеп бар, оның 64-і облыс орталығында орналасқан. Өңірде  барлығы 118 мыңнан астам оқушы (61,4 мыңы Орал қаласында) білім алады.

Басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім еткендей, ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 31 мамырда аяқталады. Сол күні барлық мектепе бекітілген кестеге сәйкес сабақтарын жүргізеді. Министрлік оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізуді ұсынады. Сынып сағаттарын, салтанатты жиын, аттестат тапсыру шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс-шараны өткізуге аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды шақыруға, ата-аналардан мектеп әкімшілігіне, педагогтерге сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады.

"1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» іс- шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес форумдар, концерттік бағдарламалар, акциялар, экспедициялар, челлендждер, байқаулар т.б. әр түрлі сипаттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде облыс әкімінің қатысуымен "Ақжайық жас дарыны - 2023" облыстық форумы, "Бар жақсылық — балаға" мерекелік шарасы, "AQJAIYQ FEST" этнофестивалін өткізу жоспарлануда".  Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева

Сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары бойынша қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жалғасады. Колледждерді биыл 5 мыңнан астам түлек аяқтайды. Қазіргі таңда студенттер жыл қорытындысы бойынша оқу сессиясын тапсыруда.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті