ҚМГ Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі
"ҚазМұнайГаз" компаниясы Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобының қызметі аяқталғаны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобының қызметі жалғасып жатқанын, топ мүшелері мұнай сервис кәсіпорындарын тексеріп, қаланың еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізетінін баса атап өтті.

"Қазіргі уақытта "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытындылар шығарылып жатыр. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және т.б. қызметтерді одан әрі тексере түседі". ҚМГ баспасөз қызметі

Одан бөлек, алдағы екі аптаға жауапты мамандарды тарта отырып, мердігер ұйымдардың еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарына инспекция жүргізу жоспарланғаны да нақтыланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды