Мансұр Ошурбаев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мансұр Ошурбаев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған.

2010-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы.

2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты