Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Өрт сөндіру бригадаларының жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін волонтерлар жақын ауылдық елдімекендерде ыстық тамақ дайындап, оны қажетті жеріне жеткізеді. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында бүгінгі таңда 1000 литр таза ауыз су, 200 келі қой еті, 200 келі жарма, 5 қорап консерві, 1000 нан өнімдері, 50 келі пияз және басқа да қажетті өнімдер қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 4 тонна ауыз су жеткізіп берді", делінген хабарламада.
Аталған жағдайға бей-жай қарай алмаған азаматтар да өз бетімен өрт сөндірушілерге ауыз су, пластикалық ыдыс-аяқ, азық-түлік және жеке күтім құралдарын әкеліп беріп жатқаны да аталып өтіледі. Волонтерлар Бородулиха және Успенка ауылдарында орналасқан далалық асүйлерде жұмысына да қолдау білдіруде.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ыстық тамақты үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге шамамен 80-ге жуық волонтер тартылған, олардың 40-ы жеке көлігін пайдалануда. Семей қаласының тұрғындары да бұл процеске ат салысуда.
Айта кетсек, өрт аймағында тек дайындалған арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр және қазіргі уақытта қосымша жұмыс күшінінің қажеттілігі жоқ". Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметі