Президентке Бас прокурор Абай облысындағы өртке қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке еліміздегі заңдылықтың сақталу жағдайы мен өткен кезеңдегі басым бағыттар бойынша жүргізілген қадағалау жұмыстарының нәтижесі туралы есеп берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Берік Асылов Абай облысындағы өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады. Бас прокурордың орынбасарының басшылығымен құқық қорғау және арнаулы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Мемлекет басшысына резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу және қоғам мүддесін қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы да мәлімет берілді. Әлеуметтік-экономикалық салаларды тексеру нәтижесінде 11 мың адам түрлі деңгейде жауапқа тартылды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін бюджетке 10 миллиард теңге қайтарылды. Сотта 15,2 миллиард теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы да баяндалды. Атап айтқанда, Бас прокуратураның бастамасымен 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізуді көздеген әртүрлі министрліктің 9 бұйрығының күші жойылды. Сондай-ақ 2,5 миллиард теңге өндіріп алу жөніндегі 21 мың салық бұйрығы заңсыз деп танылды.

Сонымен қатар Бас прокурор Президентке қылмыстық ахуал және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрттің мән-жайын объективті түрде тергеу маңызды екеніне тоқталып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

ҚР Бас прокуратурасы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды