Әуеден шолу жасаған Төтенше жағдайлар министрі: Абай облысындағы өрт бақылауда

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
15 маусымда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт аумағын әуеден барлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аэровизуалды барлау нәтижесінде өрт толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтары орындарына тұрақты түрде су  төгу, сондай-ақ өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады. 

Елдімекендерге төнген қауіп сейілді. Өрт учаскелерінде ашық от жоқ.

Аэровизуалды барлау жүргізілгеннен соң министр Шәріпханов кеңес өткізді. Талқылау барысында кеңес қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің үш бірлік техникасы, бес қызметкері, үш тікұшағымен қоса, жедел топтан өзге жеке құрамды тұрақты жұмыс орнына қайтару туралы шешім қабылданды.

"Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз ететін болады", делінген ведомство хабарламасында.


Бүгін таңертеңнен бері тікұшақтар 89 рет көлемі 249 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы 2 525 рет көлемі 7423 тонна су төгілді.

ТЖМ басшысы өрт сөндіруге қатысушыларды өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық,  жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.

Айта кетсек, кеше сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша  Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің  оқшауланғаны жарияланды.

Абай облысында орман өрті 8 маусымда басталды. Табиғи апат кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері және бір тракторшы қаза тапты.

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді