ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Дулат Жекебаев қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Дулат Жекебаев басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Дулат Жекебаев 1976 жылы Қарағанды облысында туған.

Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын ауыл мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001-2005 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2005-2017 жылдары – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, білім департаменті директорының орынбасары, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары болды.

2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып келді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін