Тоқаев Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде ерлік танытқандарды марапаттады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында туындаған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышынатқарудағы жанқиярлығы үшін бірқатар құтқарушылар мен әскери қызметшілер марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
II дәрежелі "Айбын" орденімен:
Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – ҚР Қорғаныс министрлігі №53975 әскери бөлімінің командирі;
Долдаев Дамир Талғатұлы – ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі;
Садықов Орал Жексенғалиұлы – ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы;
III дәрежелі "Айбын" орденімен:
Баймұратов Думан Қайратұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
Никифоренко Иван Юрьевич – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
Смайылов Рустам Қадырұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
"Ерлігі үшін" медалімен:
Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Әубәкіров Талғат Жұмақанұлы – "Целинное" ЖШС директоры, Абай облысы;
Белгібаев Бахтияр Станұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
Жиренов Бекболат Маратұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі;
Кенжебаев Ертай Мирамұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
Күдербеков Болат Оралұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
Қабдулин Арман Жанатбекұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
Сайдулаев Гилани Умарович – "Восток лес индустрия" ЖШС директоры, Абай облысы;
Хурай Өркен – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі стана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:
Жанғазинов Талғат Ағыбайұлы – ҚР Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
Алексеев Алексей Владимирович – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ Бөкебай филиалының Бөкебай орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;
Лебединский Александр Петрович – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің басшысы.