Тимур Әбілмәжінов ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Тимур Әбілмәжінов ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Әбілмәжінов 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы, Л.Гумилеев атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтын  "Құқықтану" мамандығы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының PhD докторы.

Еңбек жолын 2007 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК "АҚ-қа қарасты Семізбай-U" ЖШС-да жоспарлау маманы болып бастаған.

2008-2009 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы.

2009-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінде референт, сарапшы, консультан.

2014-2020 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі.

2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін