Тимур Құлыбаев Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) вице-президенті болып бірауыздан қайта сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таиланд астанасы Бангкокта Азия Олимпиада кеңесінің 42-ші Бас ассамблеясы өз жұмысын аяқтады. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі АОК Президенті мен атқару комитетінің мүшелерін және АОК-тың тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне АОК-тың вице-президенті лауазымына қайта сайланды.

Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бастап АОК-тың Орталық Азия өңіріне төрағалық етеді, ал 2019 жылы әріптестері оны осы лауазымға қайта сайлады. Сондай-ақ ол Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және ХОК-тағы Олимпиада 365 (Olympism 365) комиссиясының мүшесі .

Кувейт ҰОК ұсынған шейх Талал Ахмад әл-Фахад әл-Джабер әл-Сабах (Sheikh Talal Ahmad Al Fahad Al Jaber Al Sabah) президент болды. Ол 4 артық дауыспен (24\20) Хусейн әл Мусалламның (Хусейн аль Мусаллам) алдын орап өтті .

АОК Бас ассамблеясында өткен жылдың қорытындысы шығарылды, Ханчжоу-2022 Жазғы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің (Hangzhou 2022 Asian Games) дайындық барысы туралы қорытынды есеп, сондай-ақ жаңартылған Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы (Olympic Solidarity) ұсынылды.

Азия Олимпиада кеңесі - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған Ұлттық Олимпиада комитеттерінің бес континенттік бірлестіктерінің бірі, қазіргі уақытта 45 мемлекетті біріктіретін Азия елдеріндегі Олимпиада қозғалысының басқарушы органы. Ұйым АОК-ға мүше елдердегі Олимпиадалық қозғалыстарды үйлестіріп, басқарып отырады, үнемі жазғы және қысқы Азия ойындарын, жағажай спорт ойындарын және жабық ғимараттағы ойындарды өткізеді. АОК Азия және өңірлік ойындарды, сондай-ақ халықаралық жарыстарды өткізуге жәрдемдесумен қатар, оның мүшелері мен тиісті тараптарда туындауы мүмкін проблемалар мен дауларды шешуде уәкілетті орган болып табылады. АОК-тың штаб-пәтері Кувейтте орналасқан.

Айта кетсек, алдында Бангкокта Азия Олимпиада кеңесінің Бас ассамблеясы өтетіні хабарланған болатын

Құлыбаев Тимур

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты