ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Шардара су қоймасына келетін су ағынын секундына 200 шаршы метрге дейін ұлғайтылмақ.
"Ағымдағы жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша сағат 7:30-дан (Ташкент уақыты бойынша) "Достық" бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына су ағызу көлемі - 20 м3/сек жүзеге асырылады. Суды ағызу "Ақжар" гидропостына ("Бахри Точик" су қоймасына ағын) ағынның ұлғаюы және тиісінше су қоймасынан ағынның ұлғаюы есебінен жүзеге асырылады", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, өзбек тарапы "Достық" бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына ағызылатын су шығынын 50 м3/сек дейін жеткізуге ниетті.
Сонымен қатар, сол күні Чарвак су қоймасынан (Газалкент ГЭС) өткен күнмен салыстырғанда (ағымдағы жылдың 27 шілдесі) су жіберу 290 м3/сек-тен 310 м3/сек дейін ұлғайтылды.
Алайда, бұл су көлемі Сырдария өзенінің бөгетінде су ағызуды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз және Чирчик өзенінің бассейнінде суару қажеттілігі үшін су шаруашылығы арналары арқылы жіберіледі.
Айта кетсек, 2023 жылдың 27 шілдедегі жағдай бойынша Чарвак су қоймасындағы су көлемі - 1936 млн. м3 (ең жоғарғы көлемі - 2006 млн.м3.).