БҚО-дағы Жұлдыз ауылында жаңа мектеп ашылды

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданына қарасты Жұлдыз ауылында 108 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышын бөлісіп, ауылға ат басын тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Казталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында Совет Одағының батыры Ахмедияр Құсайынов атындағы білім ошағы 1989 жылы салынған. 30 жылдан астам уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген. 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстары кешіктіріліп жүргізілгенімен, жұлдыздық оқушылар биылғы жаңа оқу жылын су жаңа мектепте бастамақ. Облыс әкімі осы күнді көп күткен ауыл тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтап, мектеп ұжымына теледидар тарту етті.  


Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер "Альтаир" ЖШС директоры Нұрлан Қуанғалиев мектеп директорына білім ошағының кілтін табыстап, сәттілік тіледі.


Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Сонымен бірге аталмыш мектепті 1984 жылы бітірген түлектер мектеп оқушыларына спорттық киімдер мен құралдар тарту етті. Тек аудан-облысқа ғана емес, республикаға белгілі  "Қыз  Жібек" жас термешілер ансамблі өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты.



Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Жарқырап тұрған жаңа мектепті аралап көрген облыс басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізген "Альтаир" ЖШС ұжымына алғысын білдірді.


Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды