ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі орын алғанын жоққа шығарды

Сурет: gov.kz
Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде автокөлік кептелісі орын алғаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шындығында Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген.

"Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырамыз". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Айта кетсек, 26 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырған болатын.

Ресей
Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз