Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ жаттығуларына қатысуда

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қырғызстанда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" бірлескен оқу-жаттығулары басталды. Жатығуға қатысу үшін қазақстандық әскери күштер Ыстықкөл облысына келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстанның "Эдельвейс" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылуы өтті. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан бітімгерлік күштерінің ұлттық контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары жұмылдырылған. Біздің елімізден оқу-жаттығуға Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қатысуда.

"Таулы жерлерде жүзеге асып жатқан оқу-жаттығулар ҰҚШҰ бітімгерлік бөлімшелері басқару органдарының лауазымды адамдары мен жеке құрамының практикалық дағдыларын жетілдіруге, Орталық Азия өңірінде ұжымдық қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізу барысында олардың үйлесімділігін арттыруға бағытталған", деп хабарлайды Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Ұжымдық бітімгерлік күштері Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, блок-бекеттер мен зардап шеккендерді қабылдау пункттерін ұйымдастыру іс-шараларын, колонналар мен жүктерді алып жүру, елді мекенді босату, кепілге алынғандарды құтқару және гуманитарлық көмек көрсету секілді оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтайды.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Оқу-жаттығудың ашылу күні қатысушылар үшін Қазақстан Қарулы күштері Әскери-тарихи мұражайының көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Онда Иван Панфиловтың басшылығымен құрылған әйгілі 8 атқыштар дивизиясына қатысты жәдігерлер, Ұлы Отан соғысы кезіндегі басқа да құжаттар мен заттар ұсынылды. Әскери қызметшілерге экскурсияны аты аңызға айналған қолбасшының немересі Алуа Байқадамованың өзі өткізді.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты