БЖЗҚ-дан түсетін мақсатты жинақ төлемдерін баспана жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары бекітілді

Сурет: freepik
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан түсетін мақсатты жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеп бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қағидаларға сәйкес, 18 жасқа толған жастар Ұлттық қор есебінен жинақталған қаражатты өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Ережеге сәйкес, жинақталған қаражатты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысуға, ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна төлеуге, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыруға бағыттауға болады. Дегенмен, үйді жұбайынан немесе жақын туыстарынан сатып алуға жол берілмейтінін ескерген жөн.

Сондай-ақ ережеде жақын туыстарының немесе ерлі-зайыптылардың салымдарын беру келесідей жағдайда қарастырылған:

"Екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы ақша қаражатын енгізу үшін банк шоттарын ашады және жүргізеді. Сондай-ақ қаражатты пайдалану 10 жылдық мерзіммен шектелген. Осы кезеңнен кейін пайдаланылмаған қаражат жеке зейнетақы шотына жіберіледі. Бұл бастама жастарды баспанамен қамтамасыз етуге және өмір сүруге жайлы жағдай жасауға қолдау көрсетуге бағытталған".ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға аударылған ақшаны пайдалану ережесі бекітілді, оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға болады. 1 ақпанда балалардың шоттарына 100 доллардан 52 цент түскен болатын. 

БЖЗҚ
Ұлттық қор – балаларға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды