Лаура Мерсалимова әділет вице-министрі болып уақытша тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанованың әлеуметтік демалысқа шығуына байланысты Лаура Қанатқызы Мерсалимова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Лаура Мерсалимова 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы Корпоративтік басқарудың жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерінің жазбасы істері бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры – Заңнама департаментінің директоры.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек