Көктем мерекесі көне шаһарда да кеңінен тойлануда

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
14 наурыз – Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

Шара барысында қонақтар "Нұр тарайды Наурыздан" атты кітап көрмесін тамашалап, "Дулати" халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын көрді. Қойылымда достық, ұлттық дәстүр, жастар тәрбиесі тақырыптары айшықталды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, бір-біріне тілектерін жаудырды. Сондай-ақ қариялар ақ баталарын берді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен түйінделді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап өтейік, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу дәстүрі – қыстың қыспағы мен қиындығынан аман-есен шыққан халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Сол себепті, бұл мейрамды тойлау, бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғасады. Өйткені, Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл күні облыс аудандарының бәрінде тақырып мазмұнын аша түсетін игі шаралар ұйымдастырылды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі