Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға байланысты Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады

2024 жылы 14 сәуірде Қазақстанның Азаматтық авиация комиеті қазіргі уақытта отандық әуе компаниялары Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға байланысты рейстер кестесін қайта қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр, Сириядағы күрделі саяси жағдайына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ағымдағы жағдайға төнген қауіп дәрежесіне бағалау жүргізді, оның қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайды. Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары жоғарыда аталған елдердің әуе кеңістігін айналып өту мақсатында рейстер кестесін қайта қарауда".ҚР Азаматтық авиация комитеті

Сондай-ақ құзырлы ведомство мәліметінше, әуе компаниялары ағымдағы жағдайды мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда кестелеріне өзгерістер енгізеді.

"Эйр Астана әуе компаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша КС - 205 және Алматы-Дубай бағыты бойынша КС - 897 рейстері бүгін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де ұшуға жоспарланған. Qatar Airways әуе компаниясының Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша ағымдағы жылдың 13 және 14 сәуірінде орындалуы жоспарланған QR - 389/390 QR - 391/392 рейстері қазіргі уақытта белгісіз уақытқа дейін кешіктірілді. Қазіргі уақытта әуе компания рейстерді орындау бағытын өзгерту мәселесін қарастыруда. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетілуде", делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстердің мәртебесін ресми сайттарда немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтары арқылы бақылауы қажет екені ескертіледі.

Айта кетсек, 14 сәуірде Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты Астана-Дубай-Астана және Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы рейстер кешіктіріліп жатқанын хабардар етті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: