Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Мөлдір бұлақ" апталығы қорытындыланды. Жалпы акцияның мақсаты - табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды. 

"Мөлдір бұлақ" апталығы аясында 20 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, тұрғындар қатысып, барлығы 245 техника жұмылдырылды. 

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тазалық апталығы аясында облыстағы Сырдария өзенінің жағалауы, Аққұмшық жағажайы, Кәрібөгет көпірі, Лайкөл, Қамбаш, Жалаңаш, Шөмішкөл, Райым, Тұщы, Иіркөл, Қараөзек, Әлімкөл, Жаманкөл сынды көлдердің және "Қалғандария", "Елтай", "Шіркейлі", т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы экоакция апталығы аясында су айдындары мен аяқсу арықтары 40 тоннадан астам қоқыстан тазартылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 сәуірден бастап су тасқыны орын алмаған аймақтарда көгалдандыру және санитарлық тазалыққа бағытталған "Таза Қазақстан" акциясы жүзеге асуда.

Бұл ретте, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында облыс әкімі Н. Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланып, облыс көлемінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылуда. 

Облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?