Қанат Шарлапаев БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін алаңда болды

Сурет: gov.kz
Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін мамандандырылған алаңда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бағалау компаниялар мен сарапшылардың жұмысы үшін құрылған мамандандырылған алаңда болды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған алаң БҚО цифрлық технологиялар басқармасының базасында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді техникалық тексерумен және азаматтарға көмек көрсету үдерісін жеделдету мақсатында құрылған.

Қанат Шарлапаев азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың маңыздылығын атап өтіп, барлық қажетті іс-шараларды жеделдетуді тапсырды.

Сонымен қатар, министр көмек пен ресурстарды тең бөлу үшін сапалы және нақты техникалық зерттеулер жүргізу қажеттігін туралы айтты.

 

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз