Сарапшы сүзбе сатып алғанда неге назар аудару керектігін айтты

2024 жылдың 20 маусымында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Атырау қаласының сауда нүктелерінің бірінен салмағы 250 грамм болатын сүзбені сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнім таңбаламасын қоса алғанда, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін тауарларды сатып алуда тұтынушыларды уақтылы хабардар ету – сапалы және қауіпсіз өнімді сатып алуда маңызды рөл атқарады.

Сурет: Жанна Биятан

ҚР заңнамаларының барлық қауіпсіздік талаптары, оның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу мақсатында сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына бұрын қолжеткізілген ынтымақтастық туралы уағдаластыққа орай тапсырылды.

24.06.2024 ж. № 266 хаттамаға сәйкес:

Сурет: Жанна Биятан

Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкес, осы Техникалық регламенттің және Кеден одағының өзге де техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімі, оның ішінде жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімін Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының немесе шаруашылық қызметінің өзінің (тағам өнімінің иесінің) қатысуымен айналымнан алынуға жатады.

КО ТР 021/2011 40-бабы 1-тармағы негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер (бұрынғы КО) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін ЕАЭО (бұрынғы КО) кедендік аумағында айналымға шығармауға, сондай-ақ мұндай тауарларды айналымнан алу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабына сәйкес, сатушының/әзірлеушінің міндетіне тауар, дайындаушы туралы толық ақпарат беру кіреді.

Бұл ретте ақпарат мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де берілуге тиіс. Бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Ақпарат мәтіні "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сәйкестікті міндетті растауға жататын тауарды, оның ішінде импорттық тауарды сәйкестікті растау туралы тиісті құжатсыз сатуға да жол берілмейді.

Сәйкестік туралы декларацияның болуын, сондай-ақ оның дұрыстығын Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан, берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін сілтеме бойынша, сондай-ақ қазақстандық тізілім арқылы бақылауға болады.

Тамақ өнімдерін тұтынушылардың назарына!

"МОТҚҚҚ" ҚБ республикалық маңызы бар әрбір қала мен Қазақстанның барлық облыс орталықтарында азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдердің 15-тен 40-қа дейінгі түрі зерттеуге берілді.

Зерттеу материалдарының нәтижелері шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: