Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдауға болады - сарапшылар кеңесі

2024 жылдың маусым айында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Атырауда Қытайда жасалған бірнеше балалар ойыншықтарын сатып алды.

Ойын себетіне: "Teenage Mutant Ninja", "Girls Toys Play set" жиынтықтары, "Toys" ойыншығы, "Wanju" қуыршағы салынды. Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасынан Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне, сондай-ақ МемСТ пен әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкестігіне кешенді сынақтардан өтті.

Бүгінгі күні дүкен сөрелерінде балаларға арналған түрлі ойыншықтар толып жатқанда, жарқыраған қаптама мен тартымды кейіпкерлердің арғы жағында көзге көрінбейтін қауіптер болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

Сурет: Жанна Биятан

Сынақ нәтижелері химиялық қауіпсіздік тұрғысынан оң нәтиже көрсетті – ойыншықтарда фенол, бензол және басқа да зиянды химиялық элементтер сияқты қауіпті заттар жоқ. Бұл балаларының денсаулығына, сөз жоқ, алаңдайтын ата-аналар үшін маңызды жаңалық. Капиллярлық газ хроматографиясын қолдану арқылы тексеру барлық үлгілердің нұсқаулықта көзделген стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті.

Дегенмен, таңбаламаға келгенде, барлық сынамалар "қауіп аймағынан" табылды. Әрбір ойыншықтың дерлік сәйкессіздіктері кездесті: таңбалама тек қытай тілінде ұсынылды. Бұл Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңын өрескел бұзу болып табылады, онда тек шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі.

Сурет: Жанна Биятан

Балаға ойыншық таңдау ата-аналар үшін әрқашан маңызды шешім болып табылады. Дегенмен, кәсіпкерлер ақпараттың жоқтығы немесе екі тілді таңбаламаның болмауы тұтынушылар үшін түсінбеушілік тудыратынын жиі ұмытады. Қазақ және орыс тілдеріндегі аударманың жоқтығы тұтынушылардың тауарлардың ең маңызды сипаттамаларына қатысты ақпараттан айырылғанын білдіреді, мысалы:

Сонымен қатар, өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестігін растайтын ЕАС белгісі болған жоқ.

Сурет: Жанна Биятан

Таңбалама ережелерін сақтамау тұтынушылар үшін ауыр зардаптарға соқтыратыны анық. Кейде импорттаушылар шығындарды азайту мақсатында таңбаламаны қосалқы формальдылық деп есептеп, ережелерге тиісті назар аудармайды. Дегенмен, бұл шындығында жоқ қауіпсіздік елесін тудыруы мүмкін.

"Ата-аналар ойыншықтарды дұрыс таңбаламасыз таңдап, балаларының денсаулығына қауіп төндіреді. Ойыншық химиялық қауіпсіздік сынағынан өтуі мүмкін болса да, дұрыс пайдалану және гигиеналық өңдеу туралы ақпараттың болмауы күтпеген салдарға соқтырары рас".Құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан

Қытайдағы қауіпсіздік стандарттары Қазақстандағыдан өзгеше болуы мүмкін, сондықтан ойыншықтар туралы ақпарат жергілікті ережелерге сәйкес болуы маңызды, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне қатысты. ХХІ ғасырда тұтынушылар ақпаратқа еркін қолжеткізіп, өнімдерді салыстыра алатын жағдайда стандарттарға сәйкестік бәсекелестік артықшылыққа айналады.

Кәсіпкерлер таңбалама ережелерін сақтау тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар алдындағы жауапкершілік элементі екенін түсінуі керек.

"Ойыншықтар жай ғана бұйым емес, ол балалардың күнделікті араласатын нысаны. Ата-аналар қауіпсіз және сапалы өнімдерді сатып алатындарына сенімді болуы керек".Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова

Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдауға болады?

Технология ғасырында ата-аналар өнімдер туралы қосымша ақпаратты ғаламтор арқылы ала алады, бірақ бұл дәстүрлі тестілеу әдістерінің маңыздылығын жоққа шығармайды. Таңбалама – бұл өнімнің балаңыз үшін қауіпсіз екенін түсінуге көмектесетін негіз.

Осы материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ қауіпсіздік стандарттарын сақтау тек өндірушілер мен импорттаушылардың міндеті емес, сонымен қатар баласына тауар сатып алатын әрбір ата-ананың таңдауы екенін де еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: