Жеңістің 80 жылдығы: Қорғаныс министрі ағаш отырғызуды бастап берді

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызуды бастап берді. Көгалдандыру акциясы Ұлы Жеңістің мерейтойына арналып отыр.

Отырғызылған көшеттердің бір бөлігі Армия үйі, Даңқ мемориалы және 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағын қамтитын мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ.

Акцияға Парламент депутаттары, Бас әскери прокурор әділет генерал-майоры Дастан Секенов, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Алматы қаласы әскери-тарихи мұражайының басшысы Алуа Байқадамова, жергілікті әскери басқару органдарының, қалалық әкімдіктің, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және "Жас Ұлан" республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. 

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алуға арналған экологиялық акция отандастарымыздың Жеңіске қосқан үлесіне деген құрмет деп атап өтті.

"Мегаполисте 80 түп ағаш отырғызылмақ. Жалпы Қарулы күштердің әскери бөлімдері бар әр гарнизонда осынша көшет отырғызылады. Осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетеміз", - деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды