Қызылордада Мемлекет басшысының "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" кітабы талқыланды

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабын талқылауға арналған өңірлік дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алқалы жиынды облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жүргізді. Оған зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-академиялық орта өкілдері, заңгерлер мен белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген негізгі тақырыптар, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, рухани-адамгершілік мәселелер мен ел дамуының стратегиялық бағыттары жан-жақты талқыланды.

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы "Әділетті Қазақстан, Таза Қазақстан, халықаралық саясат" атты баяндамасында еліміздегі жүйелі реформалар, қоғамдық жауапкершілік және экологиялық бастамалардың өзара сабақтастығына тоқталды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов өз баяндамасында бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы сапалы білім, ғылым мен тиімді мемлекеттік басқарудың маңызын атап өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова «Тарих, мәдениет және руханият туралы пайымдар» тақырыбында ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи сананы жаңғырту және рухани сабақтастық мәселелерін ортаға салды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева "Конституция және Заң мен Тәртіп" тақырыбындағы баяндамасында құқықтық мемлекетті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін саралады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің философия докторы (PhD) Серікхан Жүзеев "Жастарға арналған ойлар: білім, еңбек, жауапкершілік және болашақ" тақырыбында сөз сөйлеп, жас ұрпақтың бойында білімге ұмтылыс, еңбекқорлық, отаншылдық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысының еңбегіндегі әділеттілік, заң үстемдігі, ашықтық, адал еңбек пен жауапкершілік қағидаттарының қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты талқылады.

Пікір алмасу кезінде "Заң мен Тәртіп" қағидатын қоғамдық санада орнықтыру, ұлттық руханиятты дамыту, білім мен ғылымның беделін арттыру, жастарды адал еңбек пен азаматтық жауапкершілікке баулу бойынша ұсыныстар айтылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиын Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген бастамалар мен құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттауға, ел болашағына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады