Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты рәсім мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің көрінісіне айналып, ел тарихындағы егемендіктің маңызын тағы бір рет айшықтады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекеттік ту – Қазақстанның тәуелсіздігінің, халықтың бірлігінің және мемлекет болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 36 жыл толып отыр. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған бұл тарихи құжат ел тәуелсіздігіне бастар жолдағы маңызды кезеңге айналып, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз қалады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінде Республика күні азаматтарды ортақ құндылықтар, тарихқа құрмет және Отанның өркендеуіне деген ұмтылыс төңірегінде біріктіреді. Бұл мереке ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудың, сондай-ақ, мемлекеттің дамуына әр азаматтың үлес қосуының маңызын еске салады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі