Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалған соң облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік тілегін айтты.
Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Республика күні - мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім - біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін!", - деді Болат Ақшолақов.
Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі