Маңғыстаулық фермерлер жем-шөп бағасын арзандатуды талап етіп, үндеу жариялады

Сурет: pixabay
Қойшылар қауымдастығының сарапшысы Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде  үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол елде жем-шөп бағасының  қымбат екенін айтып, Мемлекет басшысынан көмек сұрады. Сарапшының айтуынша, Маңғыстау өңірінде малдың 70 пайызы қырылып қалған. Елдің оңтүстігінде жемнің құны 100 теңгеден асты дейді. Сондықтан шаруалар жем-шөпті несиеге алуға мәжбүр боп отырғандарын айтады. Ал көрші Ресей мен Өзбекстанда  кебектің бағасы 50 теңгеден аспайтынын мысалға келтіреді, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

Елдегі фермерлер несиеге кіріп, тапқан қаражатына жем алып жатыр. Малдың барлығы қолға қарады. Бүгінгі күнде Маңғыстаудың жерінде 70 пайыз малдың шығыны болды. Өлетіні өлді, сонымен 30 пайыз ғана мал қалды. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, үкіметке тапсырма беріп, қазақ шаруаларының осы мәселесін шешіп берсеңіз. Қай жақтан алып келсе де, бізге 50 теңгеден жасап беріңіздер. Қалған малымызды аман алып қалайық. Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев

Ал Маңғыстау облысының әкімдігі биыл жем-шөп тапшылығы субсидиялаудың ұлғаюына және жем-шөпті тасымалдауға жеңілдетілген тарифке байланысты орын алмау керек деп сендіреді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз