Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған қор атап өткендей, бағдарлама Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыру ұсынылатын болады, бұл ретте кредит сомасы лизинг сомасынан аспауға тиіс.

Жобаларды қарау кезінде негізгі назар импортты алмастыруға және экспортқа бағдарлануға, яғни өнімдері ішкі нарықтың сұранысын жабатын және елдің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындарды қолдауға бағытталатын болады, делінген хабарламада.

Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске асыру Өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпорындарының негізгі құралдарын жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды