LG Ресейдегі зауытын Қазақстанға немесе Өзбекстанға көшіреді деген ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяның LG Electronics компаниясы тұрмыстық техника өндірісін Ресейден Өзбекстанға немесе Қазақстанға көшіру жоспары туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Business Post агенттігі компания өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін "Коммерсантъ" газеті тұрмыстық техника нарығындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, LG басшылығы зауытты Ресейден Өзбекстанға немесе Қазақстанға көшіру мүмкіндігін талқылап жатқанын жазған.

LG Electronics Ресейдегі зауытын Өзбекстанға немесе Қазақстанға көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпарат негізсіз, - деді Оңтүстік Корея компаниясының баспасөз қызметі.

Оңтүстік Корея корпорациясының ресейлік кәсіпорынында теледидар, кір жуатын машина және тоңазытқыш сынды тұрмыстық техникалар құрастырылып шығады.

Ресей
Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды