Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды

Сурет: Facebook/Elon Musk: SpaceX, Tesla, Solar City
SpaceX қожайыны Илон Маск, Forbes мәліметтері бойынша, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде француздың LVMH трансұлттық компаниясының иесі - миллиардер Бернард Арноға жол беріп, бірінші тұрған орнынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Forbes Масктың қазіргі байлығын 184,6 миллиард доллар деп бағалайды, ал Арно мен оның отбасы 185,1 миллиард долларға ие екенін анықтапты.

Француздың LVMH трансұлттық компаниясы louis vuitton, Givenchy, Guerlain, Kenzo, Moët & Chandon, Hennessy және тағы басқа танымал сауда таңбаларында сәнді тауарлар шығарады. Штаб пәтері Парижде орналасқан.

Илон Маск 2022 жылдың көктемінде Forbes миллиардерлерінің рейтингінде алғаш рет көш бастады. 2022 жылдың 11 наурызындағы есеп бойынша, Масктың байлығы 219 миллиард долларды құрады. Осылайша, бір жыл ішінде Маск 68 миллиард долларға байып, рейтинг көшбасындағы Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты (байлығы 171 миллиард долларға тең) ығыстырған болатын.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды