Таиланд саяхатшыларға қойылатын вакциналау талаптарын қайта күшіне енгізді

Сурет: unsplash
2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа баратын 18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы (вакциналау паспортын) көрсетуі тиіс. Бұл туралы Zakon.kz тілшісін Air Astana әуе компаниясы құлағдар етті.

Вакцинаның екінші компоненті Таиландтқа келіп жеткенге дейін кемінде 14 күн ішінде алынуы тиіс. Немесе соңғы алты айдан кешіктірмей (180 күн) алынған коронавирустан айығуды растайтын дәрігерден анықтаманы немесе вакциналаудан босату туралы хат-негіздемені көрсетуі қажет.

Ал вакцина алмаған жолаушы дәрігердің түсініктеме хатын ұсынуы керек. Сонымен қатар, жолаушылардың 5%-ы ұшып келген кезде ПТР тестін іріктеу арқылы тапсырады.

ДДСҰ мен Таиландтың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналардың тізімі:


Сурет: airastana.com


Covid-19 індетіне байланысты жолаушыны қайтаруға кедергі болатын талаптары бар елден келген болса, онда ол Таиландта 7 күннен астам болғанда Covid-19-дан емдеуді қамтитын медициналық сақтандыруға ие болуы керек. Жұмыс бабымен саяхаттаған адамдар, оның ішінде экипаж мүшелері де осындай талапқа сәйкес болу үшін қабылдаушы тараптан хат ала алады.

Таиланд төлқұжаты бар жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады.

Транзиттік/трансферттік жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады. Бұл жолаушылар діттеген елдің талаптарын сақтау тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты