ҚМДБ egov.press сайтында жарияланған петицияға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Egov.press cайтында «ҚМДБ мешіттерін Қазақстан бюджетінен қаржыландыруын талап етеміз!» деген тақырыпта жарияланған петицияға өздерінің түк қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Сондай-ақ ҚМБД баспасөз қызметі бұл мәселені ел Президенті ертең сағат 21:52-де шешетіні жайлы ақпараттың да жалған екенін жеткізді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған петицияға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеп, өзінің келіспеушілігін білдіреді. ҚМДБ республикалық ислами діни бірлестігі – Қазақстан мұсылмандарының ерікті бірлестігі. Діни басқарма Үкіметтен ешқандай қаржыландыруды талап етпейді. Сондықтан жамағатты түрлі алыпқашпа, арандатушы жазбаларға сенбей, ҚМДБ-ға қарасты ресми ақпараттарды Діни басқарманың muftyat.kz ресми сайтынан алуға шақырамыз. ҚМБД баспасөз қызметі

Айта кетсек, аталған петиция авторы Азамат Торыбаев еліміздегі мешіттерді Қазақстан Республикасы бюджетінен қаржыландыруын талап етеді. Сондай-ақ ол арада қазіргі уақытта Үкіметтен ешқандай қайыр жоқ, жарық, газ, су шығындарын халық ақша жинап төлеп жатқаны жазылған. Талап-хаттың соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіттері мен медреселеріне бюджеттен қаржы бөлуді талап етеміз делінеді.

Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды