Алматыдағы жаңа нысандар төтенше жағдайларға төтеп бере алады

Алматыда қарқын алған жаңа нысандардың құрылыс жұмыстары бекітілген нормалар бойынша салынып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ережелерді қабылдай отырып, «нүктелік» құрылыс жағдайын шешу, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 11 айы бойынша жұмыс қорытындылары туралы» баспасөз-конференциясы өтті. Журналистермен кездесуде басқарма басшысы нүктелік құрылысқа қатысты ереже қоғамдық пікірді ескере отырып жасалғанын және құжатты орталық атқарушы органдар мақұлдағанын айтты.

Бұл ережелер негізі ақырғы нұсқа емес. Өйткені қала үздіксіз дамып жатыр. Халқының саны қазір 2 000 000-нан асты. Даму үдерісі әлі де тоқтаусыз жүріп жатыр. АҚЖжУБ басшысы Алмасхан Ахмеджанов

Қауіпсіздік

Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға қалай әрекет ету керектігі туралы бекітілген арнайы ережелер бар. Ал құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлер тарапынан нысандардың қауіпсіздік мәселесі сақталған ба деген сауалға мынадай жауап алдық.

Осы күндері салынып жатқан жаңа нысандардың бір-бірінен ара қашықтығы 20 метрден асады. Совет үкіметі кезінде ол 20 метр деп белгіленген еді. Қазіргі таңда нысандардың арақашықтықтары бір-бірінен алшақ. Сонымен қатар жел ағынына тосқауыл болмау үшін мұнара түріндегі ғимараттар салынып жатыр. АҚЖжУБ басшысы Алмасхан Ахмеджанов

Жаңа аудандар мәселесі

Баспасөз мәслихатында қаладағы жаңа аудандарда тұрғын үй кешендері "бір гектар аумаққа 300" нормасына сай салынып жатқанын айтты. Сонымен қатар бұл жерлерде тұрғындарға қажетті барлық әлеуметтік және қызмет көрсету нысандары қоса салынуда.

Апаттық жағдайдағы көпірлер және дизайн-код

Бұдан бөлек басқарма басшысы қаланың "дизайн кодын" жасау мақсатында Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіретін тауар өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта мегаполистегі апаттық жағдайда тұрған (Сейфуллин мен Райымбек даңғылы ) қиылысындағы көпірлерді жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Қазақстан Алматы қаласының әкімдігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: