Экология министрлігі киіктерді атуға мораторийді ұзартуды ұсынды

Сурет: wikimedia
Қазақстанда ақбөкенді атуға мораторий ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Оның айтуынша, министрлік 2022 жылдың 20 желтоқсанында "киіктерді атуға мораторий мерзімін ұзарту туралы ұсынысты" жолдаған.

"Қолдау тапса, киіктерді атуға салынған тыйым 2023 жылдың соңына дейін жалғасады, яғни келесі жылы да киіктерді атуға тыйым салынады".Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

14 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Серікқали Брекешевке киік атуға рұқсат бергені үшін сөгіс жариялады. Осыдан кейін 2023 жылға дейін киіктерді аулауға мораторий енгізу туралы шешім қабылданды.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты