Ақтөбеде қар төгетін орын қоқыс полигонына айналған

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде қар төгетін орын қоқыс полигонына айналды. Бұл жерге белгісіз біреулер тұрмыстық қалдықтан бөлек, малдың ішек-қарнына дейін тастап кеткен, деп хабарлады Zakon.kz.

Қаңтарда дәл осы жерге шіріген қызанақ тасталған. Сол кезде жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынып, ол қоқыстың орнын жинап құтылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Енді қар төгетін орында тұрмыстық қалдықпен бірге малдың мүйізі, ішек-қарны шашылып жатыр. Қоғам белсенділері қоршаған ортаны бүлдіргендерге жаза қолдану керек дейді. Олардың айтуынша, қала маңында бақылаусыз жатқан 800 полигон бар екен.

"Қазір қыс мезгілі болғасын жағымсыз иіс сезілмейді. Аптап ыстықта не болатынын болжай беріңіз. Бұл қоқысты жақында әкеп төккен, өйткені үстін қар басып үлгермеген. Мұны көріп алған өзге тұрғындар да қоқысын осында әкеп төгетін болады. Шұғыл шара қолдану керек".Ақтөбе тұрғыны Евгений Лазарчук
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды