Шымкентте тұрғындардың шағымынан кейін 7 кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Сурет: pixabay
Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 7 кәсіпорынның жұмысы соттың шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, "Ордабасы" және "Оңтүстік" индустриал аймағында орналасқан өндіріс орындарының кемшіліктері сол маңға жақын қоныстанған тұрғындардың шағымынан соң анықталған.

Енді бұл кәсіпорындар өндірістік технологиясын жетілдірмейінше, жұмыс істемейді.

Жалпы былтыр қаладағы кәсіпорындарда экологиялық талаптарды бұзудың 161 дерегі тіркелген. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.

"Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, жалпы соммасы 58 миллион теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш тексеру бойынша 2 есе, айыппұл бойынша 4 есе артқан".Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Берік Сәтенов

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды