Гүл сатушылардан қалған қоқыс үйіндісі алматылықтарды ашуландырды

Сурет: видеодан скриншот
Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда Алматыдағы гүл сатушылар өзінен кейін таудай қоқыс тастап кеткені көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"8 наурыздан кейін Domillion сауда орталығына қарама-қарсы жердегі барлық гүл сатылды. Бірақ содан кейін сатушылар бәрін, бүкіл қоқысын тастап кетті. Қымбаттыларым, ол қоқысты енді кім жинайды?" деді видеоны әлеуметтік желіге жүктеген адам.


Бұл жағдайға Алатау ауданы әкімінің аппараты түсініктеме берді.

"Қаланың Кәсіпкерлік және инвестиция бөлімі стихиялық сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылғы 6,7 және 8 наурызда Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезінде уақытша сауда орындарын бекітті", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомствода атап өткендей, 9 наурызда уақытша сауда орындарын жинап, аталған мәселелер жойылған. Басқарма Алматылықтарды қоқыс тастамауға, қаланы таза ұстауға шақырды.

Ақпан айының басында Ақтөбе қаласының маңында 800 стихиялық полигон анықталды. Оларды жою үшін 100 миллион теңгеден астам қаражат қажет.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті