Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Павел Михеев / zakon.kz
Қазақстан үшін квота қазанда тәулігіне 1,524 млн.баррельді құрайды.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтіп, оған Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның келісімге беріктігін және өз міндеттемелерін орындауға дайындығын растады.

Сондай-ақ Қазақстанның Энергетика министрі ел алдағы айларда өндірісті одан әрі біртіндеп арттыратынын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота қазанда тәулігіне 1,524 млн.баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.


ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады