Халық коронавирустың жаңа нұсқасы туралы білемін дегенше, "Омикрон" барша адамның әл-ауқатына зиянын тигізіп үлгерді. Әзірге тек туристік сала мен жолаушылар авиатасымалы орасан зор шығынға батты.
"Омикрон" қызметкерлерді Лондон сияқты ірі қаржы орталықтарындағы кеңселеріне қайта оралу сияқты жоспарын бұзды. Осының салдарынан орталықтағы дүкендер мен кафелер, көлік шығындары орын алуы мүмкін.
Жаңа штамм халықаралық конференциялар мен тіпті Бейжіңде ақпан айында өтетін Қысқы Олимпиадаға да қауіп төндіріп отыр.
Ал, ең бастысы, "Омикрон" онсыз да шатқаяқтап тұрған әлемдік экономикаға соққы жасады. Адамдар арасында пандемия артта қалды деген сенімге селкеу түсірді.
Сонымен қатар жаңа штамм бір түнде қаржы құралдары мен шикізат нарықтарын кері қарай сүйреді. Түпкілікті залал әлі есептелген жоқ. Белгісіздік тек тұтынуды ғана емес, сонымен бірге экономикалық өсудің басқа да маңызды құрамдас бөліктерін: инвестициялар, сауда және жұмыспен қамтуға кері әсер еткені айдан анық.
Өз кезегінде АҚШ-тың Орталық банкінің Федералды резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэлл қалыптасқан жағдайға байланысты пікір білдірді.
Covid-19 инфекцияларының көбеюі және жаңа нұсқаның пайда болуы жұмыспен қамту және экономикалық белсенділік үшін қауіп төндіреді, сонымен қатар нақты инфляция деңгейін болжауға кері әсерін тигізеді. Халықтың вирусқа қатысты алаңдаушылығының артуы бұрынғы жұмыс орындарына оралғысы келмеуі мүмкін, бұл еңбек нарығының қалпына келуіне кедергі келтіруі және шикізат пен компоненттерді жеткізудегі үзілістерді күшейтуі мүмкін.АҚШ-тың Орталық банкінің Федералды резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэлл
Сонымен," Омикронға " байланысты Англия вакцинаның үшінші дозасын таратуға жедел кірісті. Сонымен бірге дүкендер мен қоғамдық көліктерде маскаларды киюді міндеттеді.
Ал әлемдегі ең ірі экономикасы бар АҚШ президенті Джо Байден, былтырғы қыстағы оқиға қайталанбайды деп уәде береді.
Вирустың жаңа нұсқасы алаңдатып отыр. Дегенмен дүрбелең болмайды деген үміттемін. Бізде онымен күресу үшін барлық мүмкіндік бар. Осы қыста біз ковид, локдундармен емес, жаңа штаммен күресеміз.АҚШ президенті Джо Байден
Саясаткерлердің уәделері мен ниеттері вирустың жаңа сынағына төтеп бере ала ма? Ол жағын дөп басып айту қиын. Бұл тұста, ең алдымен, эпидемиологиялық залал және оған билік тарапынан жауап нақтылануы керек, деп санайды сарапшылар. Ол үшін бірнеше апта уақыт қажет екен.