Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

2022 жылдың қаңтар айына міндеттемелер тәулігіне 1,572 млн баррельді құрайды

2 желтоқсанда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі

Отырыста қазан айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қазанда 108 %-ды құрады.  

Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Желтоқсан айында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота тәулігіне 1,556 млн баррельді құрады және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады.

Осылайша, 2022 жылдың қаңтар айына міндеттемелер тәулігіне 1,572 млн баррельді құрайды.

Сонымен қатар 2022 жылдың маусым айына дейін артық орындалған көлемдерді өтеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Мырзағалиев Мағзұм
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: